"Ұлы Дала Елі" интерактивті кітабы цифрландырудың ең жаңа технологияларын қолдана отырып шығарылды. Кітап бай медиаконтентпен сүйемелденеді: Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысы мен "Ұлы Дала Елі" орталығы директорының бейнеүндеуі, қазақ хандарының AR-бейнелері, Түркістан бойынша виртуалды турлар, 3D форматындағы мұражай экспонаттары. Кітаптың медиаконтентімен электрондық гаджеттер арқылы танысуға болады.