7 шілде - Ұлттық домбыра күні Оралда «Домбыра – ұлттық рух!» атты БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі ашылды. ? Музей жартылай жертөлелі екі қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимараттың бірінші қабатында музейдің жаңа экспозициясы жабдықталған. Домбыра тарихы залы, Құрманғазы Сағырбайұлы мен Құрманғазы оркестрі, Батыс өңірінің домбырашылары залы бар. Командамыз жобаның іске асуына көптеген үлес қосты! Ғимарат күрделі жөндеуден өткізілді, экспонаттар мен манекендер үшін витриналар жасалды және күйлер тарихы туралы ақпарат беретін интерактивті панель орнатылды. Соның ішінде, ең қызықты экспонаттардың бірі - ең көне домбыраның макеті! Домбыра интернет желісіндегі ақпараттарға сүйене отырылып жасалды. Бұл экспонаттың түпнұсқасы Моңғолияның ұлттық мұражайында сақтаулы және біз оны музейімізге қайта жасай алғанымызға мақтанамыз! ??